04
март
2022
8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні
Алматы қаласы Наурызбай ауданы "187 ЖББМ" КММ "8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні" мерекесіне орай 9,10,11 cынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сыйынар ем-Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Мектеп оқушылары ұстаз аналарға мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер орындады. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, ұстаз аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.