Ұстаздар мерекесі
«Ұстаздарға мың алғыс» атты мерекелік іс-шараның есебі
Жыл сайын қазан айының бірінші демалыс күні 100-ден
астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап
өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы
қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Преподаватели күнінің тағайындалуына
1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы
үкіметаралық конференция тарихи негіз салып, нәтижесінде ЮНЕСКО мен халықаралық
еңбек ұйымының өкілдері «Преподавателидің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына
қол қойған болатын. Ал Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және
Украина мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды. Бұл күні жыл
сайын мектепшілік өзін-өзі басқару күні болатын, биылғы жылы елімізде болып
жатқан жағдайларға байланысты пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның
алдын алу мақсатында бұл мереке қашықтықта өтті.
Ұстаз – киелі ұғым. Осы ұлағатты
сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те
жатыр. Ол мамандық иесінің тұлғалық қасиеті де алған атағында емес, оқушының
сапалы білімі мен саналы тәрбиесімен өлшенетіні анық. Сол себепті де жылына бір
келетін осындай айтулы күні ұстаз атаулыға құрмет көрсетіледі. Ел игілігі үшін
еңбектеніп, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздардың ғұмыры
қуаныш пен шаттыққа толы болсын демекпіз.
Ұстаздар мерекесіне байланысты №187 ЖББ
мектебінде «Преподаватели күні» мерекесіне орай бұйрық шығарылып бекітілді.
Мероприятие өткізу мақсаты:
«Преподаватели күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар
мерекесіне байланысты 1 – 11 сыныптар аралығында қашықтықтан сынып сағаттары
ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, 1 – 4 сыныптар аралығында: «Жарқын
жүзді ұстазым!», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «Милые сердцо учителя»,
«Ұстаз ұлы тұлға» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жүргізілді. Тәрбие сағаттары
барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне
білуге, бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. 5 –
7 сыныптар аралығында, «Учитель, перед именем твоим!», «Ұстаз-халық анасы», 8
–11 сыныптар аралығында «Учитель- высокое призвание» , «Ұстазы жақсының-ұстамы
жақсы», «Ұстазыма мың алғыс» «Вы-блестящий учитель» атты бірыңғай сынып
сағаттары өткізіліп, видеороликтер түсірілді. Сынып сағаттары барысында сынып
жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні
жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып,
жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға
тәрбиеледі.