11
ноябрь
2021
Кәсіби бағдар түсіндірме жиналыс
Алматы қаласы Наурызбай ауданы ПБ кадр саясаты бөлімшесінің полиция майоры Едильбаев Асет Саматович "№187 ЖББМ" КММ 2021 жылдың 11 қарашасы күні 11- сынып мектеп бітіруші түлектеріне Қазақстан Республикасы ИИМ- нин Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсуге кәсіби бағдар түсіндірме жиналыс өткізді. Оқушылар Қарағанды академиясы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында, болашақ тергеушілер мен криминалистерді дайындап ғана қоймай, сонымен қатар басқа жоғарғы оқу орындарына қарағанда тегін оқу, тұру, тамақтану мен кепілдендірілген стипендия және тегін медециналық қызмет көрсетілетіні жайлы және оңтайлы артықшылықтардың бар екендігі мен хабардар болды. Оқу орынын бітіріп шыққан түлектерге "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріліп , офицер лауазымына тағайындалу мен қоса ИИО -на жұмысқа тұру кепілдендіріледі . Талапкердің оқуға түсудегі толық ақпарат пен ережесі жайлы мәлеметтерді www.kpa.kz. сайты арқылы білуге болады.