«Nur Otan» отырысында қолжетімді тұрғын домжәне әлеуметтік нысандар салу мәселелері қаралды. » КГУ «Общеобразовательная школа №187 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№187 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Nur Otan» отырысында қолжетімді тұрғын домжәне әлеуметтік нысандар салу мәселелері қаралды.
14
октябрь
2021

«Nur Otan» отырысында қолжетімді тұрғын домжәне әлеуметтік нысандар салу мәселелері қаралды.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту, Ұлт денсаулығы мәселелері, Өңірлік даму және Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық Кеңестерінің бірлескен отырысында қолжетімді тұрғын домжәне әлеуметтік нысандар салу мәселелері қаралды.
«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Бисембаев@kairat_bisembaev жастар мен мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қаламызда әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне партия баса назар аударатынын атап өтті.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес партияның сайлауалды уәделерінің орындалуын жүйелі бақылауды, бюджет қаражатының жұмсалуының тиімділігі мен ашықтығын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жыл басында партияның жанынан білімді дамыту, денсаулық, жастарды қолдау және т.б. бағыттар бойынша 9 Өңірлік Кеңестер құрылды», - деді Қ.Бисембаев.
Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы С.Нұрашев отырысқа қатысушыларға партияның Сайлауалды бағдарламалары мен Жол картасын орындау бойынша басқарманың 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап берді. Өз баяндамасында әлеуметтік нысандар мен тұрғын домқұрылысын салу және қайта құру жоспарлары жөніндегі есепті ұсынды.
Жиынға қатысқан атқарушы билік органдары мен Кеңестердің өкілдері қажетті және дереу шешімдер қабылдауды талап ететін өзекті мәселелерді талқылап, барлық жұмыстарды жоспарлау кезінде ең алдымен қала тұрғындарының мүдделерін ескеру керектігін айтты.
Отырысты қорытындылаған модератор Қ.Бисембаев басқарма өкіліне биылғы жылы аяқталатын нысандар құрылысының сапасын қамтамасыз ете отырып, қарқынын үдетуді ұсынды.
Сондай-ақ, келесі жылдарға объектілерді жоспарлау және салу кезінде осы объектілердің тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын мұқият талдау қажеттігіне назар аударды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив