05
февраль
2022
Нашақорлық – ғасыр дерті
Алматы қаласы Наурызбай ауданы "187ЖББМ"КММ 6-9 сынып оқушыларына ZOOM платформасында қашықтықта «Нашақорлық – ғасыр дерті»,«Темекі – теңдесіз жау»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.