«Жастар зиянды әдеттерге қарсы», «Темекісіз, алкогольсіз және есірткісіз әлем» атты онлайн суреттер мен плакаттар байқауы
«Жастар зиянды әдеттерге қарсы», «Темекісіз,
алкогольсіз және есірткісіз әлем» атты онлайн суреттер
мен плакаттар байқауы
30.11.2020 жылы – Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «№187 ЖББМ» КММ – де қашықтықтан «Жастар зиянды әдеттерге қарсы», «Темекісіз, алкогольсіз және есірткісіз әлем» атты онлайн суреттер мен плакаттар байқауы өткізілді. Оған 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.
Мадақтама алған оқушылар:
- I жүлделі орын – Амраева Диана, 7 «Д» сынып оқушысы;
- II жүлделі орын – Кулжанов Айвар, 6 «А» сынып оқушысы;
- III жүлделі орын – Жамалбеков Асатбек, 9 «Ә» сынып оқушысы;