Денсаулық күні Пандемияға қарсы шақыру бойынша «COVID-19. Біз жеңеміз!» челленджі
Денсаулық күні
Пандемияға қарсы шақыру бойынша
«COVID-19. Біз жеңеміз!» челленджі
Коронавирус жұқпасы (КВЖ) – SARS CoV-2 коронавирустар тұқымы вирусының жаңа штаммы тудыратын, аэрозольдық-тамшы және тұрмыстық қатынас арқылы берілетін, өкпе тініне тропты өткір жұқпалы ауру, ауру белгісі білінбей вирус әкелушіліктен бастап, уланумен, ауыр өткір респираторлық дистресс-синдром мен сепсистің даму тәуекелі бар пневмонияға дейін жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабыну процесімен сипатталатын аурудың клиникалық белгілері бар нысандарымен өтеді.
«№187 ЖББМ» КММ –де салауатты өмір салты бойынша пандемияға қарсы «COVID-19. Біз жеңеміз!» челленджі инстаграм желісіне жарияланды. Оған 6 «Г» сынып оқушылары белсене қатысты. Челлендждің мақсаты – оқушылар қатаң санитарлық тәртіпті сақтауы тиіс. Яғни балалар қолдарына антисептикті жиі сеуіп, таза ұстауы керек.
Қазіргі уақытта инфекцияны жұқтыру жағдайын алдын алу үшін өз денсаулықтарына жақсы қарау керек.