08
февраль
2022
АДАЛ ЖӘНЕ САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК БЕЙНЕСІ
«АДАЛ ЖӘНЕ САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК БЕЙНЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СУРЕТТЕР БАЙҚАУЫ»» Ағымдағы жылдың қараша айында мектебіміздің 1-10 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы онлайн суреттер байқауы өтілді. Байқауды өткізудің мақсаты – өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез- құлық нормасы болуы қажет деп түсінуін тарату. Өз жұмыстарында оқушылар өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейелеген. Байқауға келіп түскен жұмыстарды саралап, қорытындылау нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды: I жүлделі орын – Бекенова Іңкәр, 5 «А» сынып оқушысы; II жүлделі орын – Даурбай Алтынай, 5 «Ә» сынып оқушысы; III жүлделі орын – Абуев Асад, 5 «Б» сынып оқушысы;Өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мектепішілік жоспарды жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен ынтымақтастық бойынша, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез-келген түріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын атап өту керек.