Мектеп Ұланбасын сайлау
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№187 ЖББМ» КММ Ұланбасын сайлауда өткізілген іс-шаралар туралы
мәлімет
Алматы қаласы Наурызбай ауданы «187 ЖББМ»КММ өзін-өзі басқару ұйымына 2020-2021 оқу жылында «Мектеп президентін сайлау» қанатқақты жобасы өтті. Биылғы оқу жылы қашықтықтан өтіп жатқандықтан Ұланбасын сайлауда қашықтықта өтті. Мектеп президенттерінің лауазымына 2 кандидат 10-сынып оқушылары үміткер болды.
1. 10 «Б» сынып оқушысы Смагулова Мадина Рахимжановна
2. 10 «А» сынып оқушысы Даутаевва Саниям Бериковна
Яғни оқушылар видеороликтер түсірді. Түсірілген видеороликтер мектебіміздің «INSTAGRAM» желісіне салынып,сол жерде көп қаралым, лүпіл және пікір, жақсы жазбалар жинады.Ең көп қаралым, пікір, лүпіл және ең керемет деген жазба жинаған жеңімпаз оқушы мектеп президенті болып сайланады.Сайлауға қатысушылар болашақта білім ордасының көркейіп өркендеуіне, білім сапасы жағынан, спорт жағынан да қолдау көрсететіні, сол бағытта алдына жан салмай жұмыс жасайтындықтарын айтты.«Мектеп президентін сайлау» жобасы болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында оқушыларға сайлау қызметінің практикалық бағдарланған білімді, машықтар мен тәжірибені беру үшін жағдайлар жасауға бағытталды.
Ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың арасынан көшбасшы таңдалды.Іс-шараға қатысып, 1884-қаралым, 306-лүпіл, 99-пікір жинап, мектеп Ұланбасы болып Смагулова Мадина Рахимжановна сайланды. Болашақта жақсы нәтиже көрсетеді деп үміт артамыз.