"Мен қазақша сөйлеймін" акциясы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№187 ЖББМ» КММ қала күніне арналған «Мен қазақша сөйлеймін!» тақырыбында өткізілген іс-шаралар туралы
мәлімет
Қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақша сөйлесу мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге қызықтыру әрі тілді меңгерген адамдарды қолдау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы өтті.
Аталған акцияның аясында мектебіміздің орыс ұлтының азаматтары
10 «Ә» сынып оқушысы Шут Михаил және 8 «Ә» сынып оқушысы Андреев Алексей осы акцияға қатысып,Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі Тіл Саясаты Комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан алғысхатпен марапатталды.
Қазіргі таңда 140-тан астам ұлт бір шаңырақ астында бақытты, бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Қазақтың дархан даласын мекендеген кез келген ұлт өкілі өз ана тілімен қатар, туған елінің мемлекеттік тілін қадірлеп, құрметтеуі тиіс.
«Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар», - демекші бір емес бірнеше тіл үйренгеннің жолы әрдайым ашық болары сөзсіз. Ендеше, мемлекеттік тілдің де мәртебесін көтеруге баршамыз атсалысайық!