Тьютердің жұмысы » КГУ «Общеобразовательная школа №187 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№187 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2020

Тьютердің жұмысы

               Тьютордың атқаратын қызметтері

    Мектепте инклюзивті  8 оқушы бар. Оның 4 –і  ұл бала, 4 қыз бала. Оқушыларды адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, жан - жақты, мол сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Атап айтсам:
 
 І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
 Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық - зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
 
 1. Білім күніне арналған. «Мен елімнің патриотымын»
 2. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру. Оқушының құқықтары мен міндеттері. 3.«Біз бәріміз теңбіз» құқықбұзушылықтың алдын алу 4.«Құқық әлемінде» 5.«Желтоқсан желі ызғарлы»

 

ІІ. Рухани - адамгершілік тәрбие
 Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани - адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
 1. 1 қазан - Қарттар күні «Қарттарым асыл қазынам» «Ұстазым - ұлағатты есім»
 
 2. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күні «Менің тұңғыш президентім
 
 3. Ұлттық тәрбие
 Мақсаты:
 Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
 1. 22 - қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күні «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»А, Байтұрсыновқа 146 жыл. 2.«Жеті атаны білу парыз»
 
 4. Отбасы тәрбиесі
 Мақсаты: Ата - аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық – 

педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру
 1. «Тәрбие отбасынан басталады»
 
 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым - қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
 1.«Еңбек түбі - береке». 2. «Жемістер дәрумендерге толы»

6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
 Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру
 1. Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу. «Дін және шындық»
 7. Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие
 Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін - өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
 1. «Қонақ күте білеміз бе?». 2. Әдеп ережесі «Үлкенге құрмет. Кішіге міндет». 3. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
 
Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап-ақ жас интеллектуалдардың оқу бағдарламаларын толық меңгеруіне барлық жағдай жасау мақсатында мектепте академиялық кеңесшілер - тьюторлар қызметі ұйымдастырылды. Сөздік қорымызға енді ене бастаған Тьютор сөзі нені білдіреді? Тьютор дегеніміз кім? Зияткерлік мектеп тьюторының қызмет аясы қандай? «Тьютор» - (ағылшын тілінің tutor сөзі) «қамқоршы»,

«жетекші» деген мағынаны білдіреді. 

2020-2021 оқу жылында пән мұғалімдері тьютор ретінде оқушыларды дербес жұмыс жасауға, іскерлік белсенділікке баулып, оқу процесіне еркін енуіне көмектеседі.Зияткерлік мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өз бетінше оқуына басты назар аударылып, қосымша ізденуіне көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да тьютор оқушының дербес оқу әрекетін ұйымдастыруда негізгі үйлестіруші ролінде болмақ. Тьютор оқушылармен, пән мұғалімдерімен жеке сұхбаттасу, кеңестер мен тренингтер жүргізу арқылы әр баланың сұранысын анықтап, оқу материалын игеру деңгейіне сай біліміндегі олқылықтардың   орнын толтыру үшін қосымша жеке сабақтар алуына ықпал етеді. Бір тьютор мұғалімге 7-8  оқушы бекітілген және олар мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

•           оқушыларға ұзақ және қысқа мерзім аралығындағы басты мақсаттарын анықтауға көмектесу;

•           мақсаттарды жүзеге асыру жоспарын жасау;

•           оқушылардың жеке оқу бағдарламалары бойынша  нәтижелерін талдау, мониторинг жүргізу;

•           ғылыми жобалар бойынша жұмысына қолдау көрсетіп, жетекшілік жасау.

Қазіргі таңда әр баланың жеке даму траекториясын анықтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын жасау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Оқушының бағыт картасы жасалып, осы карталар негізінде апта бойы сағат 15.40-ден  17.00-ге дейін пән мұғалімдері жеке сабақтарды да бастап кетті.

Осынау ауқымды жұмыстан күтілетін нәтиже де үлкен: Тьюторлық қызмет оқушылардың оқу әрекетін ұтымды ұйымдастырып,  олардың интеллектуалды дамуын жаңа сатыға көтереді деп сенеміз.



 
 

                                          Тьютор                  Жарасова Н.Ж.
                                                                      Ырсымбетова Б.А.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив