Тарихы терең, тағзымы биік – ескерткіштер » КГУ «Общеобразовательная школа №187 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№187 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2022

Тарихы терең, тағзымы биік – ескерткіштер

18 сәуір – Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күні. Атаулы күнге орай,мектеп ғимаратының жанындағы 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналып қойылған ескерткішінің алдында «Тарихы терең, тағзымы биік – ескерткіштер» атты іс-шара өткізілді. Мәдени-тағылымдық іс-шараны өткізудегі мақсат - жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткішіміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, құрметтеуге шақыру, сондай - ақ, жастарды ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету болып табылады. Ескерткіштер қашанда ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ. Қазіргі кездегі жастардың басты алға қойған мақсаты - ескерткіштерді танып, оларды сақтап баптау. Шара барысында жас буын тарихи ескерткіштерге қатысты мәліметпен танысып, өлеңдерін оқып тарихи құндылықтарға деген өз құрметтерін білдірді. 5"А",5"Г" сынып Сынып жетекшілері Жақсылық П.М.,Дуйсембаева С.Д.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив