КҮЗ КЕРЕМЕТІ
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№187 ЖББМ» КММ «Күз кереметі» тақырыбында өткізілген
іс-шаралар туралы
мәлімет
Мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Сыныптар арасында күз мезгілінің тіршілікке берер пайдасын түсіндіру,
күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету, еңбекті, табиғат
сұлулығын сезе білу мақсатында «Күз кереметі» тақырыбына табиғи заттардан жасалған
бұйымдар көрмесі өткізілді.
Осы мезгілде бізде «күз кереметі» атты байқау болды. Оқушылар қолдан жасалған тамаша өнерлерін көрсетті және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығарды.Бастауыш сыныптың ата-аналары мен оқушылары белсене қатысып, бірігіп жасаған жұмыстарын мектебіміздің Instagram парақшасына салынды.