Тілдер мерекесі
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№187 ЖББМ» КММ «Тілдер күніне» өткізілген іс-шаралар туралы
мәлімет
Мақсаты: Жас ұрпаққа үш тілділікті насихаттау. Қазақ , орыс, ағылшын тілдерінің қазіргі таңда маңызды екендігін түсіндіру:
Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» орай 22 - қыркүйек күніАлматы қаласы Наурызбай ауданы «№187 ЖББМ»КММ де мемлекеттік тіл мерейін үстем ету мақсатындағы «Мен қазақша сөйлеймін», «Если дружат люди-дружат языки» «Мемлекеттік тіл-менің тілім» сияқты көптеген байқаулар, тәрбие сағаттары биылғы жылы қашықтықта дәстүрлі жалғасын табуда. Әсіресе осы байқауларға қатысушы басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, ойларын еркін жеткізгенін көргенде, мемлекеттік тіл көкжиегінің кемелденіп келе жатқанына, болашағының нық боларына көз жеткізесің. Бұл іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде үш тұғырлы тілдің маңызды екенін айтып, салтанатты жиынды қазақ, орыс және ағылшын тілі пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі қашықтықта әдеби монтажымен жалғастырды.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі жылдар ішінде елімізде ұлтымыздың ана тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары екені белгілі. Демек, өзге біз ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, қазақ балаларының өзге тілді меңгергенін, оқушылардың өзге тілге қызығушылықтарының жоғары екенін осы жиында куә болдық.