Ұстаздар мерекесі » КГУ «Общеобразовательная школа №187 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№187 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2020

Ұстаздар мерекесі

«Ұстаздарға мың алғыс» атты мерекелік іс-шараның есебі

       Жыл сайын  қазан айының бірінші демалыс күні 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
     Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салып, нәтижесінде ЮНЕСКО мен халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойған болатын. Ал Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украина мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды. Бұл күні жыл сайын мектепшілік өзін-өзі басқару күні болатын, биылғы жылы елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бұл мереке қашықтықта өтті.
   Ұстаз – киелі ұғым. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те жатыр. Ол мамандық иесінің тұлғалық қасиеті де алған атағында емес, оқушының сапалы білімі мен саналы тәрбиесімен өлшенетіні анық. Сол себепті де жылына бір келетін осындай айтулы күні ұстаз атаулыға құрмет көрсетіледі. Ел игілігі үшін еңбектеніп, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздардың ғұмыры қуаныш пен шаттыққа толы болсын демекпіз.

Ұстаздар мерекесіне байланысты №187 ЖББ мектебінде «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай бұйрық шығарылып бекітілді.
Іс-шаралар өткізу мақсаты:
«Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 – 11 сыныптар аралығында қашықтықтан сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, 1 – 4 сыныптар аралығында: «Жарқын жүзді ұстазым!», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «Милые сердцо учителя», «Ұстаз ұлы тұлға» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жүргізілді. Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне білуге, бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. 5 – 7 сыныптар аралығында, «Учитель, перед именем твоим!», «Ұстаз-халық анасы», 8 –11 сыныптар аралығында «Учитель- высокое призвание» , «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы», «Ұстазыма мың алғыс» «Вы-блестящий учитель» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, видеороликтер түсірілді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

18 сентябрь 2020 Қала күні
22 сентябрь 2020 Тілдер мерекесі
17 сентябрь 2018 Анонс 22 сентября
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив